Алматыда «Нұр Отан» партиясының «1000 ІТ-сынып» жобасы шеңберінде мектеп оқушыларына арналған ІТ-сынып ашылды. Оған қаладағы жеке кәсіпкерлер қаржылай қолдау көрсетті.
Сондай-ақ, ұстаздардың тізімі бекітіліп, жұмыс кестесі де жасалды. Мұнда еуропалық білім стандартына сай шәкірттер білікті мұғалімдерден қарапайым алгоритмдердің тізбесі мен түрлі бағдарлау, web-сайттар және компьютер ойындары, анимацияларды жасаудың қыр-сырын үренеді. Озық технологияның тілін түсінеді. «Ал, алдағы уақытта Елбасы ұсынған «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында мегаполисте осындай 60-қа жуық ІТ-сынып жұмыс істемекші», - дейді мамандар.
Қайым-Мұнар Табеев, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары:
- Алдағы уақытта шағын бизнес өкілдерінің қолдауымен тағы сегіз ІТ-сынып ашу жоспарланған. Оның мақсаты - жас буын өкілдеріне компьютерлік білім беру.
Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ