Жиынға Ресей, Украина және өзге де мемлекеттердің өкілдері келген. Конгресте құнды қағаз нарығындағы жаңа мүмкіндіктер мен еліміздің қаржы нарығындағы макроэкономикалық жағдайы талқыланды. Сондай-ақ, конгреске қатысушылар құнды қағаз нарығындағы жетекші кәсіби серіктестермен кездесіп, халықаралық тәжірибе алмасып, мамандардан кеңес алады. Айта кету керек, конгресс өтетін қала жыл сайын ауысып отырады. Бұл қатысушыларға ұйымдастырушы мемлекеттің экономикасы мен мәдениетін тануға мүмкіндік береді. Биылғы жиын Астана Халықаралық Қаржы орталығы жұмысының басталуымен тұспа-тұс келіп тұр. Сондықтан, бұл шара қаржы орталығының аясын кеңейтуге де зор септігін тигізеді.
Луиза Лесная, «Trewetch Group» директоры, конгреске қатысушы:
- Былтыр біз ҚТЖ компаниясының облигацияларын Ресей нарығына шығаратын келісімшартқа қол қоюға қатыстық. Бұл қазақстандық тараптың Ресей нарығына қызығушылық білдіретіндігін көрсетеді. Мұндай шаралар қаржы саласындағы серіктестікті кеңейтуге бағытталған.
Ғазиза МҰХАМЕДЖАНОВА