Бұл - алматылық зиялы қауымның пайымды пікірі. Олардың сөзінше, тарихқа үңілу алыс болашаққа бағдар жасауға жол ашады. Осы себепті қиын-қыстау кезеңде көптеген ұлтқа пана болған қазақ жеріндегі оқиғалар қайта зерттелуі қажет, - дейді. Өйткені, тарихты тану арқылы тәуелсіздіктің тұғырын бекемдеп, әлемдік қоғамдастықтағы орнымызды айқындаймыз.
Қазақбай Қасымов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі:
- Елбасымыздың үндеуі өткен тарихымызға тағы да назар аудару керек екенін дәлелдеп тұр. Бүгінде қазақтың ұлы даласы, қасиетті жері 100 ден астам ұлт пен ұлыстардан, дін өкілдерінен құралып жер бетінің барлық бояу-бедерін бойына жинаған. 00:18:39 Қалыптасқан ұлтаралық татулықтың тұрақтылығы әлем сахнасында Қазақстанның беделін арттырды/.
Қайдар Алдажұманов, тарихшы:
- Елбасының осы тақырыпқа арнайы үндеу жариялауының өзі бұл тақырыптың біздің халықтың тағдырындағы, өміріндегі аса маңызды мәселе екенін көрсетеді. Елбасының үндеуі бұл тақырыптарға зер салып ары қарай зерттей түсу қажет екенін көрсетеді. Соған жол ашатын үндеу деп ойлаймын.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ