Оңтүстік Қазақстан облысындағы 120 мыңға жуық халқы бар Төле би ауданы енді 5 жылдан соң тек өздерінде өндірілген электр қуатын тұтынатын болады. Қазір аймақта баламалы энергия көзін ұлғайтуға байланысты 7 ауқымды жоба жүзеге асуда. Атап айтқанда, Сайрамсу және Қасқасу өзендерінің бойынан 6 шағын су электр станциясы бой көтеруде. Оның ішіндегі бір станциясының құрылысы тамыз-қыркүйек айларында аяқталады. Құны 1,5 миллиард теңге болатын станция 5 мегаватт қуат өндіреді. Жалпы, өндіріс пен туризм саласы қарышты дамып келе жатқан ауданда жыл санап электр қуатының тапшылығы байқалады. Осыдан бес жыл бұрын Төле биде тек 5 миллиард теңгенің ғана өнеркәсіп өнімі өндірілген болса, қазір ол 6 есеге өскен. Туристік демалыс аймақтарының саны да 30-дан аса баламалы энергия көзін ұлғайтуға байланысты қолға алынған жобалар тұтастай жүзеге асса, электр қуатына деген сұраныс толығымен шешіледі.
Мұхтар Өсербаев, Төле би ауданы әкімдігі Кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы:
- Бұдан басқа, қазір Күн энергиясынан қуат алу жобасына жер учаскесі бөлініп, жұмыс атқарылып жатыр. Ол Ленгер қаласында болады. Егер ол қосылса, аудан көлемінде 25 мегаваттық қуат өндіріледі.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ