Еуразиялық экономикалық одақ ветеринарлық бақылауды жеңілдетіп, саладағы қағазбастылықты азайтады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетініңөкілдері мәлімдеді.
Мысалы, ет өнімдеріне берілген аудандық анықтаманың барлық Кеден одағы елдерінде заңды күші бар болып есептеледі. Ал, бұл ет экспорттаушыларға қолайлы.
Бұдан бөлек, Еуразиялық экономикалық одақ мал дәрігерлеріне қауіпті ірі қарадан ауру шыққан жағдайда бірігіп күресуге мүмкіндік береді.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ