1-шілдеден бастап базалық зейнетақыны тағайындау тәртібі өзгереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1-шілдеден бастап базалық зейнетақыны тағайындау тәртібі өзгереді

05.06.2018

Зейнетақының бұл түрі еңбек өтілі мен зейнетақы жүйесіне қатысу мерзіміне қарай берілмек. Мәселен, бұрын базалық зейнетақы бәріне бірдей 15 274 теңге болып төленіп келді. Енді бір айдан кейін еңбек өтілі 10 жылдан 33 жылға дейінгі азаматтардың зейнетақысы 28 284 теңгеге дейін өседі. Ал, еңбек өтілі 10 жылға дейінгі зейнеткерлердің төлемақысы өзгермейді. 

Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі:

- Елбасы өз Жолдауында 2018 жылдың 1-шілдесінен базалық зейнетақы еңбек өтіліне байланысты орташа 1,8 есе ұлғаяды деп атап өтті. Егер де бүгін 15274 теңге алып отырса, 1-шілдеден бастап зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты оның мөлшері арттырылатын болады.

 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу