Мәскеуде 83 елдің парламент өкілдері бас қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде 83 елдің парламент өкілдері бас қосты

05.06.2018

Әлемдік экономиканың дамуы үшін сапалы әрі сауатты заңдарды қабылдау жайы халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы Парламенттердің рөлі және ұлттық заңнаманы әзірлеу саласындағы үздік тәжірибелермен танысу. Осы және өзге де маңызды мәселелер екі күннен бері Мәскеу қаласында талқыланып жатыр. Ресей астанасында «Парламентаризмнің дамуы» деп аталатын халықаралық форум ұйымдастырылды. Алқалы жиынға әлемнің 90-ға тарта мемлекетінен 550 депутат пен сарапшылар келді. Форумға Қазақ елінің делегациясын Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко бастап барды. Тараптар жиын кезінде демократиялық қоғамның дамуына заң шығарушы органдардың қосатын үлесі, азаматтық қоғам қалыптастыру және экономиканы сандық технологияға көшіру сынды бірқатар көкейкесті мәселелер бойынша да пікір алмасты.   

Дархан Мыңбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-Барлық салаларға цифрландыру деген ұғым кіріп жатыр. Соған байланысты бұл жер жаңа технологияларды пайдаланып, тек ақпарат алмасу ғана емес, заң шығару саласында да мәмілеге келу, ортақ стандарттарды игеру сынды тәжірибе алмасу алаңына айналып отырған сияқты. Сондықтан, бүгінгі жиынның мәртебесі жоғары. Оған көптеген Парламенттердің басшылары келіп отыр. Сондықтан, біздің қазақстандық делегацияның да өзінің айтары бар.  

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу