Орал тұрғындары ыстық суға 700 млн. теңге берешек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орал тұрғындары ыстық суға 700 млн. теңге берешек

06.06.2018

Орал қаласында 10 күннен бері ыстық су жоқ. «Бұған тұрғындардың өздері кінәлі», - дейді мамандар. Себебі, тұтынушылардың ыстық суға қарызы 700 млн-нан асып кеткен. Қазір борышкерлерден ақшаны қайтару үшін өңірде жедел топ құрылды. Мамандар 4 күннің ішінде 12 млн. 500 мың теңге өндірді. Арнайы тексеру кезінде 47 азаматтың автокөлігі тәркіленіп, тіпті бірқатарына ел аумағынан шығуға тыйым салынды. Заңға бағынбаған борышкерлер 5 тәулікке темір торға қамалуы да мүмкін.   

Мұрат Байменов, «Жайық жылу қуат» АҚ директоры:

- 9 қабатты үйдің бәрін ыстық судан ажыратып тастадық. Олай етпеске амал жоқ. Екі ортада коммуналды төлемдерді уақытылы төлейтін тұрғындар зардап шегуде.

 

Назерке ТОҚЖАН

Хабарламаларға жазылу