Медициналық бұйымдарды сараптау орталығы Алматыдан Астанаға көшті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Медициналық бұйымдарды сараптау орталығы Алматыдан Астанаға көшті

07.06.2018

«Дәрілік  заттар мен медициналық бұйымдарды және техникаларды сараптау  ұлттық орталығы» Алматыдан Астанаға қоныс аударды. Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты ірі орталық бірнеше монополиялық қызмет көрсетеді. Оның ішінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау және  олардың қауіпсіздігі мен сапасын бақылау қызметтері бар. Орталық жанынан сондай-ақ, өтініш берушілерді қолдау орталығы да ашылды. Онда орталық қызметін пайдаланушыларға «бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсетіледі.

Сондай-ақ, дәрілерді сараптау мен сапасын бақылау қызметтерін ұсынатын портал жұмысы таныстырылды.

Римма Халелова, «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығының» бөлім басшысы:

- Елбасының тапсырмасымен Астанаға көшіп отырмыз. Бұл жақта филиал қалды. Бірнеше функциялар сол жақта жалғасып жатыр. Негізгі сараптама осы орталықта өтеді. Жалпы, біздің орталықтан 200-ге жуық адам көшіп келді және бірнеше филиалымыз бар.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу