Щучье-Бурабай курортты аймағын дамытудың жаңа жобалары ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Щучье-Бурабай курортты аймағын дамытудың жаңа жобалары ұсынылды

07.06.2018

Қазір жаз мезгілінде демалу орнына 500 мыңнан астам демалушы келеді. Инфрақұрылым 1 миллионға дейін турист қабылдауға мүмкіндік береді. Жақсы жарнама, сервистік қызметтің түрлерін көбейту, баға мен сапаның сәйкестігі қатаң қадағаланбақ. Сондай-ақ, туристерді шақыруға сеп болатын ауқымды, халықаралық шараларды осы аймақта өткізген абзал. Бастысы, Бурабайдағы демалысты жыл 12 ай тоқтатпай, тұрақты жұмыс істету. Бұл бағытта арнайы бағдарлама да қолға алынған.

Данияр Идиятов, Ақмола облысы Туризм басқармасының басшысы:

- «Four Seasons» концепциясын жүзеге асырудамыз. Оның басты мақсаты -  курорттың жыл сайын жұмыс істеуі  және көптеген іс-шаралар ұйымдастырып, туристерді тарту.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу