Инвесторлар елге келіп, баламалы энергия нысандарын салуға дайын. Аталған жоспар іске асса, дәстүрлі қуат көздерінің бағасы төмендейді. Бұл туралы жаңартылған энергия көздері бойынша өткен екінші халықаралық саммитте айтылды.
Сонымен қатар, жаһандық жиында жасыл экономикаға көшу бағытындағы Қазақстанның тәжірибесі сөз болды. Әсіресе, шетелдік сарапшыларды күл-қоқысты қайта өңдеудегі жұмыстар қызықтырды. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін әзірленіп жатқан Экологиялық кодекс тұжырымдамасына арнайы норма енгізілмек. Нәтижесінде күл-қоқыстың 4 тоннасынан 1 тонна мұнай беретін жылу алуға болады. Ал, қалдықтан алынған биогаз залалсыз әрі қолжетімді болмақ.
Саммиттің қорытындысы бойынша, саланы дамыту мен үздік жобаларды алға жылжытуға қатысты ұсыныстардың негізінде декларация қабылданды.
Салтанат Рахымбекова, Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы төрағасының орынбасары:
- Маңыздылығы - еліміздегі баламалы ток көзін көбейту үшін инвесторларды тарту және бағасын төмендету. Қазір дүниежүзіне белгілі 1 кВт құны 2,1 цент болып тұр. Ал, бізде 8 бен 10 центтің аралығында. Мұны төмендету үшін мүмкіншілік бар. Сарапшылардың бағалауынша, біздің еліміздегі Күн мен Желдің потенциалы 1 трлн. клв.
Досымжан ЕРМҰРАТ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.