Жаңақорған кентінің әкімі, әкімнің орынбасары, кент аппаратының бас маманы электронды конкурс өткізу тәртібін бұзған. Таныс-тамырлыққа салынып, біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін кәсіпкерге қолдау көрсеткен. Ал, Шиелі ауданында биыл мемлекеттік қызметке кір келтірген 32 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылған. 4 шенеунік парамен ұсталған. Бұл мәліметтер облыстық Әдеп жөніндегі кеңестің көшпелі отырысында айтылды.
Абзал Мұхимов, облыстық Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы:
- 2018 жылдың соңғы 5 айында сыбайлас жемқорлықтың артқанын байқап отырмыз. Арал ауданы сыбайлас жемқорлық қылмысының құқықбұзушылық сипаты бойынша көш бастап отырғанын жасыра алмаймыз. Алдағы отырысты сол солтүстік-батыста өткізуді жоспарлап отырмыз.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.