Қазақстан Орталық Азия елдеріне артық бензинін экспорттайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Орталық Азия елдеріне артық бензинін экспорттайды

12.06.2018

Қазақстандық бензин Ресейдікінен кем түспейді. Бұл туралы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Ведомство басшысының айтуынша, қазір елімізде еуро-5 стандартының бензині шығарыла бастады. Егер жанармай бекеттері оның құрамына ешқандай қоспа қоспаса,  сапасы өзгелерден кем болмайды. Сондай-ақ, жиында Қазақстан Орталық Азия елдеріне артық бензинін экспорттайтыны белгілі болды. Қазіргі уақытта осы мәселеге байланысты ресейлік әріптестермен экспортты ашу жолдары қарастырылып жатыр. Жаздың аяғына дейін келісімдерге қол жеткізілуі мүмкін. Қанат Бозымбаевтың айтуынша, бұл қадам Қазақстан үшін маңызды. 

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

- Бүгін таңертең еліміздегі АИ-92 бензинінің қоры 340 мың тоннаны құрады. Бір аптаның ішінде оның көлемі 15 мың тоннадан астам мөлшерге артты. Бұған екі зауыттың жаңғыртылуы ықпал етті, яғни, олардың қуаттылығы да жоғарылады. Осы орайда еуро-4, еуро-5 деңгейіне ауыстық. Мұнай көлемін біз болжаған болатынбыз, сондықтан, Ресей немесе басқа да бағыттардан бензин импортының елеулі көлемде болмайтынын байқап отырмыз.

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу