Елімізде 3 мыңнан аса ауылдың шекарасы жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 3 мыңнан аса ауылдың шекарасы жоқ

13.06.2018

Еліміздегі бірсыпыра мекендердегі шекараның бекітілмеуі сыбайлас жемқорлыққа жол салып тұр. Бұл мәселені Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Ерлан Нысанбаевтың өзі айтты. Оның пайымдауынша, еліміздегі 6 725 елді мекеннің 3 507-нің ғана нақты шекарасы белгіленген. Жағдай жекеменшік және мемлекет қарамағындағы жер телімдерін үлестіруге қатысты. Суармалы аумақтар мен жайылымдық-шабындық жерлерді беруде шалғай ауылдардың әкімдері ойларына келгендерін істеген кездер бұған дейін анықталған-тын. Себебі, шекара болмаған соң ауыл маңындағы жерлерді өз қарауларына қосып алған. Енді бұл мәселені назарда ұстау көзделуде.

Ерлан Нысанбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

- 2020 жылдың аяғына дейін 3218 ауылдық елді мекендердің толық шекарасын белгілеп аламыз. Бүгінгі күнге шекараның 48 пайызы орнатылмаған. Толық бітіреміз. Өткен жылы жоспар орындалды.

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу