Интеграциялық үрдістер отандық астық экспортының мүмкіндігін арттырмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Интеграциялық үрдістер отандық астық экспортының мүмкіндігін арттырмақ

22.04.2014
Интеграциялық үрдістер отандық астық экспортының мүмкіндігін арттырмақ
Интеграциялық үрдістер отандық астық экспортының мүмкіндігін арттырды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлімдеді.
 
Мәселен, өткен жылы Қазақстан алыс-жақын шетелдерге жалпы құны 1 миллиард 2 миллион доллар болатын 5 мың тоннаға жуық астық экспорттады.
 
Негізгі импорттаушылар - ТМД елдері. Олардың көшін Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан, Тәжікстан елдері бастап тұр. 5 мың тонна астықтың 3 мың 600 тоннасы немесе 74,4 пайызы осы елдерге жөнелтілген. Қазақстандық астыққа Иран, Түркия, Грузия, Қытай елінен де сұраныс жоғары.
 
Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
Жыл басында біз астық экспортының орташа жоспарын белгілеген болатынбыз. Ол 7 миллион тоннаны құрап отыр. Кез келген экономикалық интеграция тауар айналымын арттырады. Сондықтан, біз өзіміз тұтынатын және дәстүрлі нарықта саудаға шығаратын астық көлемін арттыруымыз керек. Біздің стратегиялық мақсатымыз осы.
 
 
Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу