Талдықорғанда кітапханаларды цифрландыру мәселесі талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда кітапханаларды цифрландыру мәселесі талқыланды

13.06.2018

Алматы облысында 300-ге жуық кітапхана болғанымен, олардың бәрінің бірдей материалдық-техникалық базасы жаңартылмаған. Елбасы «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінде кітапханаларды білім орталықтарына айналдыру керектігін тапсырған болатын. Тапсырманы жүзеге асыру мақсатында Талдықорғанда «Электронды кітапханалардың бірыңғай сандық кеңістігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шара барысында кітапханаларды цифрландыру жұмыстары талқыланып, кітаптар мен оқулықтарды электронды нұсқаға ауыстыру мәселелері көтерілді. Басты міндет - кітапханаға оқырман тарту.

Ғалиасқар Сарыбаев, «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

- Тарихи, құндылығы мол құжаттар бар. Оның бәрі әрбір адамның қолына жете бермейді. Сол себептен, электронды нұсқасын жасауымыз керек. Екіншіден, кітапханалар болашақта білім орталығына айналуы тиіс..

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу