Тиісті ақпаратты ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің алдын алу жұмысы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Ерден Жұман мәлімдеді. Заңсыз цех ішінен 2 млн. 700 мыңнан астам жалған есепке алу-бақылау маркалары, 6 миллионнан астам есепке алынбаған алкогольді өнім мен 30 мың тонна литр спирт тәркіленген. Оның дерегінше, есепті кезеңде экономикалық саладағы ауыр қылмыстарды анықтау екі есеге артып, өтелген зиян мөлшері 77 пайызға жеткен.
Анықталған 28,3 млрд. теңге залалдың 12,8 млрд. теңгесі өтелді. Сот санкциясымен 9 млрд. теңге сомадағы мүлікке тыйым салынған.
Бұдан бөлек, 10 000 теңгелік купюраны заңсыз басып шығарумен шұғылданған қылмыстық топ құрықталды. Олардан барлығы 460000 теңге қолдан жасалған ақша тәркіленді.
Ғабит БӨКЕНБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.