Ақмола облысы Целиноград ауданының Зеленый Гай ауылында жаңа мәдени-сауықтыру кешені ашылды. Нысанды қайта қалпына келтіру жұмыстары «Туған жер» бағдарламасы аясында жүзеге асты. Бұрын бұл жерде ескі ғимарат болған. Оны жөндеу үшін 100 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалды.
Бұл қаражатты «Агрофирма «Родина» серіктестігі бөлген. Кешеннің ашылуы ауылда түрлі мәдени шаралардың көбеюіне, бұқаралық спорттың дамуына септігін тигізбек. Орталықта бірнеше бағыт бойынша жұмыстар жүргізілмек. Шахмат, шашки, тоғызқұмалақ және шығармашылық үйірмелері жұмыс істейді. 300-ге жуық тұрғыны бар Зеленый Гай ауылы үшін бұл үлкен тарту болды.
Разия Халикова, ауыл тұрғыны:
- Біз бұл күнді ұзақ күттік. Зеленый Гай ауылының тұрғындары мәдени-сауықтыру орталығының ашылғанына өте қуаныштымыз. Енді балалардың уақытты пайдалы өткізуіне жағдай бар.
Ермек ЕЛБЕРГЕН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.