«Ұлы Жібек жолындағы Орталық Азия: ежелгі кезеңнен қазіргі кезеңге дейінгі мәдениеттер мен конфессиялардың диалогы». Осындай атаумен Алматыда халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция өтті.
Оған шетелдік 32 өкіл мен отандық ғалымдар, тарихшылар, археологтар жəне мәдениеттанушылар қатысты. Алқалы жиында Ұлы Жібек жолындағы зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне сараптама жасалды. Отандық ғалымдар шетелдік əріптестерімен бірігіп, салаға қатысты 700 беттен тұратын ғылыми кітап шығарды. Зиялы қауымның басын қосқан бұл жиын «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр.
Нағашыбек Қапалбекұлы, «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемлекеттік музейінің бас ғылыми қызметкері:
- Біз негізінде үлкен бағдарлама - жоспар жасадық. Сол бойынша Орта Азия мемлекеттері мен басқа елдерге іс-сапарға барып, сол жерде атқарылып жатқан жұмыстармен таныстық. Және Ұлы Жібек жолы бойынша арнайы экспедиция құрдық. ЮНЕСКО-ға кірген мәдени қорықтар, нысандар туралы ғылыми мақалалар жазып, зерттеуді қолға алдық.
Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.