1 шілде - Ұлттық домбыра күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 шілде - Ұлттық домбыра күні

18.06.2018

Сіз домбыра шертуді білесіз бе?! Ендеше 1 шілде күні елордадағы «Қазақ елі» монументінің жанына келіп, өнер көрсетіңіз. Ұлттық домбыра күніне орай Астанада осындай ауқымды шара жоспарланып отыр.

Мәдениет басқармасы өкілдерінің айтуынша, бұл күні бір уақытта 3000-нан астам өнерпаздың домбыра шертуге мүмкіндігі бар. Тек ол үшін алдын ала «asyldombyra.kz» сайтына тіркеліп, «Көңілашар», «Адай», «Балбырауын», «Ерке сылқым», «Сарыарқа» күйлерін жатқа білу шарт.

Қазірдің өзінде белсенділік танытушылар саны 1500-ге жуықтаған. Тіпті араларында лауазымды қызметкерлер де бар. Ұлттық мереке күні  халықтық серуеннен бөлек, ұлттық аспаптар музейінің көрмесі, танымал күйшілердің қатысуымен өтетін концерттерді тамашалауға болады. 

Болат Мажағұлов, Астана қаласы Мәдениет және спорт басқармасының басшысы:

- Мен өзім бұл жобаға қатысамын. Барша қазақстандықтарды, астаналықтар мен қала қонақтарын шақырамыз. Егер домбыраны шын жүрекпен сүйіп, қолыңызда ұстайтын болсаңыз, осы күні сағат 12:00-де келіңіз.

 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу