Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген жаңа заң жобасының негізгі көздегені осы. Оған сәйкес, бірыңғай жиынтық төлем деген ұғым қолданысқа енеді. Ол бұрынғы жеке табыс салығы, зейнетақы жарналары, әлеуметтік төлемдер мен медициналық сақтандыруды біріктіреді.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар басқа кәсіпкерлер сияқты ресми түрде тіркелу, декларация толтыру секілді әуреден арылып, бір ғана төлеммен құтылады. Жаңа салықтың көлемі тұрақты. Қалада тұратындар үшін бір айлық есептік көрсеткіш, ауылдықтарға соның жартысы.
Нұржан Әлтаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:
- Бюджет бірыңғай жиынтық төлемнен үлкен түсім күтіп отырған жоқ. Бұл жерде ең маңыздысы өзін-өзі қамтығандардың да әлеуметтік қамсыздандыру құралдарына қол жеткізуі. Осы төлем арқылы олар әлеуметтік медициналық сақтандыру, зейнетақы төлемдерімен қамтылады.
Дегенмен, еліміздің заң жобаларында өзін өзі қамтығандар туралы бірізділік жоқ. Жаңа заңда оларға нақты анықтама беріп, категорияларға бөлу де көзделген.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.