Бұл басқосуға Қазақстан мен Ресейдің іргелес облыстарынан түрлі салада табысты еңбек етіп жүрген қыз-келіншектер қатысты. Бүгінде әйелдер қауымына жүктелер міндет көп. Соның бірі - кәсіпкерлік саласы. Қостанайдағы жиынның да көздеген мақсаты - екі ел арасында осы саладағы байланысты нығайту. Тәжірибе алмасу. Былтыр Ресей мен Қостанай облысы арасындғы тауар айналымы 1 млрд. АҚШ долларынан асты. 2016 жылғы кезеңмен салыстырғанда өсім 35 пайыздан асты. Оның 52 пайызы экспорт, қалғаны импорттың үлесінде. Әйел адамдардың бизнеспен шұғылдануына мемлекеттік бағдарламалар да оң ықпал етіп отыр.
Елена Тарасенко, ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары:
- Біз мұнда Ресейдің 3 өңірінің, Қазақстанның 4 өңірінің өкілдерін шақырдық. Олармен бірге экономикалық, іскерлік, мәдени байланысты нығайту мәселелерін талқылаймыз. Президенттің өзі шекаралық аймақтардағы әріптестіктің маңыздылығы туралы айтқан болатын. Яғни, осындай басқосулар екіжақты қатынасты дамыту үшін аса тиімді.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.