Астанада Халықаралық Түркі академиясы ұйымдастырған «Ұлы Дала» ІІІ Гуманитарлық ғылымдар форумы басталды. Бұл шара негізінен Астананың 20 жылдығына, сонымен қатар, ақын Мағжан Жұмабаевтың 125, жазушы Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына арналып отыр. Жиынға қатысқан Мемлекеттік Хатшы Гүлшара Әбдіхалықова - әлемде түркі елдерінің бәсекеге қабілеттілігін барынша арттыру керек екендігін айтты. Ол үшін зияткерлік ұлт қалыптастыру қажет. Бұл ретте қазіргі технологиялық орта, коммуникация, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылым, білім талаптарына сай болған жөн. «Ұлы Дала» ІІІ Гуманитарлық ғылымдар форумының басты мұраты - Түркі дүниесі және Еуразия ғылыми қауымдастығымен бірлесе отырып, бауырлас халықтардың ортақ мұрасын болашаққа ұрпақ игілігіне ұсыну деді, Мемлекеттік хатшы өз сөзінде.
Гүлшара Әбдіхалықова, ҚР Мемлекеттік хатшысы:
- Қазіргі кезде жаппай құрсаудан босаған түркі тілдес елдер жаппай рухани жаңғыруды бастан кешуде. Ол үшін зияткерлік ортаны қалыптастыру қажет.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.