«Байлыққа» салық салына ма? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Байлыққа» салық салына ма?

18.06.2018

«Байлыққа салынатын салықты жалақыдан емес, тіркелген мүліктен алған жөн деп санаймын». Бүгін өткен жылды қорытындылаған Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов осылай деді. Естеріңізде болса, бірнеше жыл бұрын қозғалтқыш көлемі үлкен көліктердің салығы көтерілді. «Қозғалтқыш көлемі үлкен болса, көлік иесінің табысы да жоғары деген сөз», - дейді министр. Демек, ондай адамдардан салықты көп алған абзал. Енді жер, мүлік пен көлік туралы мәліметтің бәрі ақпараттық базаларда болғандықтан, оған салық салу қиын емес. Министрлік әзірге халықаралық тәжірибені сараптап жатыр. Байлыққа салынатын салық қашан ене бастайтыны жария болған жоқ. Министр сонымен қоса, елді толғандырған сыртқы қарыз мәселесіне де қатысты айтып берді. 

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- Сыртқы қарызымыз 165 млрд. доллар. Қарыздың мөлшері ішкі жалпы өнімнен сәл асып тұр. Ал, жалпы қарыздың төрттен бірі мемлекетке тиесілі.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу