Пойыз апатынан көз жұмған баланың денесі ауылына жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пойыз апатынан көз жұмған баланың денесі ауылына жеткізілді

18.06.2018

Пойыз апатынан көз жұмған 12 жастағы Алексей Мальневтің мәйіті бүгін туған жері Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданына қарасты Қушоқы ауылына жеткізілді. Марқұм отбасымен Ыстықкөлге демалуға бара жатқан. «Алексей өте елгезек, алғыр бала болды», дейді көршілері. Ертең марқұмды жерлеу рәсімі өтеді. Шығынды «Қазақстан темір жолы» компаниясы өз мойнына алып отыр.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу