Импортты алмастыру жобасы іске асады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Импортты алмастыру жобасы іске асады

19.06.2018

Отандық өндірушілерді қолдап, елге сырттан жеткізілетін тауар көлемін азайту үшін жаңа жоба іске асырылатын болды. «Самұрық-Қазына» қоры, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Инвестициялар және даму министрлігі ортақ келісімге қол қойды. Енді олар Қазақстанда өндірілетін тауарларды импорттауға шектеу қойып, өзіміздің кәсіпкерлердің жұмысын ширатуға күштерін салады.

Мәселен, цемент өндірушілердің импортты алмастыруға қауқары болғанымен шетелдік бәсекелестерден толық құтыла алмай отыр. Ішкі нарықтың 70 пайызы ғана Қазақстанда жасалған өнімді сатып алады. Өзге салаларда да дәл осындай шешілмеген мәселе көп. Енді осы іспеттес сұрақтар мемлекеттік деңгейде шешілетін болды.

Ербол Әкімбаев, Қазақстан цемент өндірушілер одағының атқарушы директоры:

14 миллион тоннаға жуық цемент өндіре аламыз. Бірақ, Қазақстанның мемлекеттік тұтыну мөлшері бүгінгі күнге 9,5 миллион тонна. Қазақстан өзін-өзі цементпен 100 пайыз  қамти алады.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу