«Сарыарқа» газ құбыры шілдеде ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сарыарқа» газ құбыры шілдеде ашылады

19.06.2018

«Сарыарқа» магистральды газ құбыры шілде айының басында салтанатты түрде ашылады. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты. Орталық және Солтүстік аймақтарды «көгілдір отынмен» қамтитын жоба 4 кезеңде жүзеге асады. «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астана» бағыты бойынша газ құбырының құрылысы 2019 жылдың желтоқсанында аяқталады. Оған 267 млрд. теңге қаржы жұмсалмақ.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

- Бірінші кезеңде газ құбыры бойынша 171 елді мекен,  2,7 млн. адам газбен қамтылады. Елорда тұрғындары үшін алдымен газ «Көктал-1», «2», «Железнодорожный», «Юго-Восток» аудандарына, 1,2-ші жылу электр станцияларына жеткізіледі.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу