Елордада күштік құрылымдары қызметкерлері арасында «Әскери керней» фестивалі өтіп жатыр. Биылғы байқау Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған. Оған өңірлік жарыстарда жеңімпаз атанған ұжымдар қатысып жатыр. Бүгін басталған фестиваль 22-ші маусымға дейін жалғасады. Үздік деп танылған оркестр 23-ші сәуір күні «Барыс Арена» спорт сарайында өтетін гала-концертке қатысады. Бұл ауқымды іс-шарада Қытай мен Ресей елдерінің де әскери оркестрлері өнер көрсетеді.
Қанат Беляков, ҚР Ұлттық ұланның Тәрбие және әлеуметтік құқық жұмысы жөніндегі басқармасының басшысы:
- Әскери фестиваль бірнеше жанрда өтеді. Өздеріңіз көріп отырғандай, плац-концерт бағдарламасы және де әскери дефиле. Бұл Ұлттық ұланда өтетін жыл сайынғы іс-шараның бірі.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.