Үлкен зерттеуді қажет ететіндіктен, жоба ұзақ мерзімді болуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының мамандары ұйымдастырған халықаралық конференцияда айтылды. Елімізде ислам қолжазба қоры өте көп. Бір ғана Алматыдағы Ұлттық кітапхананың өзінде 500 мыңға жуық қор сақталған. Ал, ең көне қолжазба бізге 17-ғасырдан белгілі. Ол Қожа Ахмет Яссауидің 1697 жылы жазылған «Самарқанд» нұсқасы. Бір өкініштісі, сол төл тарихымыздың көрінісі саналатын көне мұрағаттар елдің әр аймағында шашырап жүр. «Сондықтан да, оларды жан-жақты зерттеп, басын біріктіріп, рухани қазынаны жүйелеу қажет», - дейді мамандар.
Айнұр Әбдірәсілқызы, Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры:
- Олардың жинақтық мәтінін әзірлеу қажет. Көпнұсқалық қолжазбалар болса, олардың ғылыми-сыни мәтінін әзірлеу керек. Оларды игеру үшін көптеген синонимдік сөздіктер әзірлеу керек. Мұның барлығы қолжазбамен тек маман-ғалымдар ғана емес, қарапайым халықтың ізденісі бар кез келген студенттің танысуына мүмкіндік береді.
Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.