Биылдан бастап мұнайдан түсетін қаржы ешқайда жұмсалмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биылдан бастап мұнайдан түсетін қаржы ешқайда жұмсалмайды

20.06.2018

Ұлттық қорға құлып салынды. Биылдан бастап мұнайдан түсетін қаржы ешқайда жұмсалмай, тек жинақталатын болды. Халықпен есепті кездесуін өткізген Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, қара алтын табысын болашақ ұрпақтың еншісіне қалдыру керек. Ұлттық қордың қоржынынан соңғы рет өткен жылы қаражат алынған. Құрылыс, жол салу, инрақұрылымдарды жақсарту секілді жоспарлы істермен қатар, қор мен республикалық бюджеттен алынған 1,5 трлн. теңге шатқаяқтаған банк секторын сауықтыруға жұмсалды. Алайда, жағдайы нашарлап, салымшыларын ақшасыз қалдырған банктер түгесілген жоқ. Жақында «Астана банкі» лицензиясыз қалып, тұтынушылардың қаржылық операциялар жасауына шектеу қойылды. Қаржы министрінің айтуынша, бұл банктер енді Ұлттық қордың ақшасынан дәмете алмайды. 

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу