Темір жолда 19 апаттық жағдай болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Темір жолда 19 апаттық жағдай болған

21.06.2018

Жыл басынан бері Алматының маңындағы темір жолдарда 19 апаттық жағдай тіркелген. Солардың екеуінде пойыздардың жолдан шығып кету оқиғасы да болған. Бұл туралы бүгін Қазақстан темір жолы «Алматы жүк тасымалы» бөлімінің директоры Сәрсебек Жапаров мәлімдеді.

Оның айтуынша, апаттық жағдайлар көбінесе жеке компанияларға тиесілі тұйықтарда болған. Сол себепті, биыл 800 шақырымнан астам темір жол жөнделіп, 80 шақырым жол қайтадан жаңартылып жатыр. Сондай-ақ, маман Жамбыл облысының Шу қаласы маңында аударылған пойызға қатысты да пікір білдіріп, апаттың себебін анықтау қиын екендігін жеткізді. 

Сәрсебек Жапаров, «Алматы жүк тасымалы бөлімшесі» филиалының директоры:

Алғашқы ақпараттарды естіп жатырсыздар ғой, жолдың ақаулығы болған деп машинист айтқан мәселесі бар. Сол бойынша жедел тежегішті қосқан содан бұл не үшін ондай көп жағдайда ондай вогондар құламау керек негізі. Бұл жолы вогон құлап жатыр. 7 вогон өткен. Артындағы вогондар құлап жатыр. 7-ден кейін. Сондықтан әлі де толық айта алмаймыз оның не себеп екенін.

Аманкелді СЕЙТХАН           

Хабарламаларға жазылу