Атырауда «Мұнара» техникалық нысаны ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда «Мұнара» техникалық нысаны ашылды

21.06.2018

Атырау әуежайында әуе қозғалысын реттейтін «Мұнара» техникалық нысаны пайдалануға берілді. Орталық байланысқа қажетті заманауи құрылғылармен жабдықталған. Диспетчерлік мұнараның  биіктігі 39 метр, яғни ескі ғимараттан үш есе үлкен. Сондай-ақ, мұнда әуе қозғалысын басқару кезінде мамандар үшін қажетті жағдайдың барлығы ескерілген. Яғни, автономды жылыту, орталықтандырылған ауа баптағыш жүйесі, арнайы тынығатын орын мен психологиялық көмек көрсететін бөлмелер бар.

Талғат Ластаев, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы:

- «Қазаэронавигация» РМК Атырау филиалы әуе қозғалысына қызмет көрсету және халықаралық болып табылатын Атырау әуеайлағында ұшақтардың ұшуларының қауіпсіздігі мақсатында қойылған межелі міндеттерді табысты шешіп келеді. Әуе қозғалысына қызмет көрсету үшін халықаралық авиациялық комитеттің сертификатына ие Skyline жетілдірілген жүйесі қолданылады.          

                                 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу