Шымкентте Қазақстан мен Өзбекстанның Бас прокуратуралары өкілдері шекаралық қарым-қатынасты талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте Қазақстан мен Өзбекстанның Бас прокуратуралары өкілдері шекаралық қарым-қатынасты талқылады

21.06.2018

Азаматтарды заңсыз жұмысқа жегу, автокөліктерді шекаралық бақылау бекеттерінен өткізген кезде туындайтын кедергілерді жою. Осы мәселелер Шымкентте өткен Қазақстан және Өзбекстан Республикаларының Бас прокуратуралары өкілдерінің жиынында талқыланды. Сондай-ақ, тараптар қылмыстық қудалау кезінде халықаралық талаптарды орындау, Өзбекстанның сотталған азаматтарын өз еліне беру жайын да кеңесті. Өйткені, мұндай мәселелерде бірлесіп ұтымды әрекет ету, екі елдің өзара ынтымақтастығын одан әрі арттыра түсуге негіз болмақ. Жиын соңында Қазақстан және Өзбекстан Республикалары Бас прокуратурасы өкілдері құқықтық саладағы  халықаралық талаптарды орындауға бағытталған бірқатар құжаттарға қол қойды.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу