Журналистер арасындағы «Үркер» сыйлығының иегерлеріне «Қазақ» газетінің түпнұсқасынан айнымайтын тарту жасалады. Байқау аталмыш басылымның 105 жылдығына арналған соң осындай артықшылығы бар. Жалпы жүлдеқоры 13 млн. теңге. Биыл баспасөз, радио және интернет саласындағы жарысқа қатысушылар саны 1 мыңнан асқан. Былтыр 700-ге жуықтапты. Ең көп материал «үздік сұхбат» номинациясына жолданса, «үздік аймақтық радио» аталымына өтініш аз түскен. Үздіктерді қоғам қайраткерлері, медиа-менеджерлер мен экономистер анықтайды. Ал, қазылар алқасына ардагер журналист, академик Намазалы Омашев төрағалық етеді.
Олжас Беркінбаев, «Қазконтент» АҚ өкілі:
- Биыл оқырмандар, интернет порталын пайдаланушылар бір номинацияны өздері таңдады. Ол номинация 574 дауыспен «Үздік вайн». Енді 2 минутқа дейін видеолар «Үркер» сыйлығына үміткер бола алады. Қазіргі заманауи тілмен айтқанда хайп болған «Зың-зың-зың» клипін түсірген топ «Үркерге» үміткер.
Нысаналы ЫҒЫЛ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.