ЕҰУ мен Француз Орталық Азияны зерттеу институты өзара ынтымақтастыққа уағдаласты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕҰУ мен Француз Орталық Азияны зерттеу институты өзара ынтымақтастыққа уағдаласты

22.06.2018

«Астана – болашақтың қаласы». Франция сарапшылары мен ғалымдары осылай дейді. Келешекте әлемдегі халықтың 70 пайызы үлкен қалаларда тұрады. Алып шаһарлар сондай сын-қатерге дайын болуы керек. Шетелдік зерттеушілер Астана қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу, көгалдандыру салаларын дамытуға үлес қосқысы келеді және білімге инвестиция құймақ. Соның аясында Еуразия Ұлттық университеті мен Француз Орталық Азияны зерттеу институты өзара ынтымақтастыққа уағдаласты. 

Баубек Сомжүрек, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры:

- 20 жылдың ішінде Астананың дамуы шетелдік сарапшылар мен зерттеушілердің қызығушылығын тудырып отыр. Өйткені, 20 жылдың арасында Орталық Азияда жаңа қала пайда болды. Дөңгелек үстелде қалалардың даму тенденциялары, урбанистика мәселесі, конгломерация сұрақтары қарастырылып жатыр.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу