Бұл бүкіл республика аумағының 5 пайызы. Орман ландшафтарын қалпына келтіру мен Бон бастамасы бойынша Астанада өтіп жатқан жиын осы саладағы жетістіктерге арналды. Конференцияны ашқан Премьер-министрдің орынбасары, Ауыл шаруашылығының министрі Өмірзақ Шөкеев Бон бастамасының басты міндеті 2020 жылға дейін 150 миллион гектар орманды қайта қалпына келтіру екенін атап өтті. Бұл орайда еліміздің тәжірибесіне қызығушылық танытып жатқан мемлекеттер аз емес екен.
Басқосуға келген Орталық Азия мен Кавказ елдерінің орман шаруашылығы бойынша ведомство басшылары мен Халықаралық қоршаған ортаны қорғау одағының өкілдері Астананың айналасындағы жасыл белдеуге ерекше көңіл бөлді. Елорданы жағалай өскен жасыл желектің аумағы қазірдің өзінде 80 мың гектарды құрап отыр. Ал, 2021 жылға қарай Астананың айналасындағы орман алқабын 100 мың гектарға жеткізу көзделген.
Альбина ӘШІМ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.