Астананың 20 жылдығы Варшавада да тойланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астананың 20 жылдығы Варшавада да тойланады

22.06.2018

Бұл туралы Қазақстанның осы мемлекеттегі елшісі Марғұлан Баймұхан мәлімдеді. Шараға Польшаның іскер топ өкілдері мен кәсіпкерлері шақырылып, Қазақстанның бүгіні мен болашағы және туристік әлеуеті таныстырылады. Жалпы, Қазақстан мен Польша арасындағы дипломатиялық байланыс 1992 жылы қалыптасты. Олардың Орталық Азиямен жасасатын тауар айналымының 80 пайызы біздің еліміздің үлесінде. Қазақстан капиталына поляк кәсіпкерлері 60 миллион АҚШ долларын құйған. Бүгінде фармацевтика, құрылыс тауарларын шығару саласында бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді. 

Марғұлан Баймұхан, Қазақстанның Польшадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі:

- Біз дипломатияға өте маңызды қараймыз. Соған байланысты көп жұмыс істеп жатырмыз.  Келешекте көп жаңалықтар болады.

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу