Қызылорда облысында цифрландыруды дамыту үшін жергілікті бюджеттен 2,5 млрд. қаржы бөлінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында цифрландыруды дамыту үшін жергілікті бюджеттен 2,5 млрд. қаржы бөлінді

25.06.2018

Қызылорда облысында биыл цифрландыруды дамыту үшін жергілікті бюджеттен  2,5 миллиард теңгеге жуық қаражат қаралды. Бұл туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Цифрландыру: аймақты дамытудың жаңа мүмкіндіктері» атты халықаралық интернет форумда айтты. Қазір өңірде ақылды басқару жүйесі бойынша 50-ге жуық жоба жүзеге асырылып жатыр. Сырдарияның сол жағалауындағы жаңа шаһардағы құрылыстар «ақылды қала» элементтерімен салынуда.

Форум аясында  ІТ жобаларды  және  «Smart city» жобаларын жүзеге асыру үшін бірқатар мекемемен меморандумға қол қойылды. Халықаралық интернет форум облыста 3-ші рет ұйымдастырылып отыр. Алғашқы жылы электронды сауда, екінші жылы Байқоңыр қаласында кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланса, биыл аймақты дамытудың жаңа мүмкіндіктері сөз болды. 

Мұхтар Манкеев, «Жалпыұлттық Қазақстан-2050» қозғалысының төрағасы:

- Бүкіл жерде құрылыс жүріп жатыр, бірақ, жаңадан салынып, дамып келе жатқан шағын аудандар көп жерде жоқ. Сондықтан, Қызылорда қаласында соның бәрін көрсетуге болады.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу