Енді бұл зейнетақы мөлшері еңбек өтілі мен зейнетақы жүйесіне қатысу мерзіміне тәуелді болады. Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі жаңа тәртіпті тағы да түсіндірді. Бүгінде базалық зейнетақы барлық зейнеткерлерге бірдей төленіп отыр. Ол төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызы немесе 15 000 теңге төңірегінде. Ендігі айдан бастап еңбек өтілі он жыл немесе одан аз азаматар осы көлемдегі базалық зейнетақыны ала береді. Ал, еңбек өтілі одан көп азаматтардың базалық зейнетақысы сәйкесінше артады. Ол әрбір жыл үшін 2 пайыз көлемінде. Белгілісі, жаңа тәртіпке байланысты еш құжат өткізудің қажеті жоқ. Барлығы автоматтандырылған әдіспен жүзеге асады.
Зейнетақы төлеудің жаңа тәртібі туралы толық ақпаратты Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуға болады.
Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:
- Зейнеткер әйел адам болса, бала туып, баланы 3 жасқа дейін асыраған уақыты кіріп отыр және бала 16 жасқа дейін мүгедек болса, осы жасқа дейін баланы тәрбиелеп, асырап отырғаны еңбек өтіліне қосылады. Бірінші, екінші топтағы мүгедектерге күтім жасаған азаматтардың еңбек өтілі енгізіледі.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.