1 шілдеде «Қазақ елі» монументі алаңында 3000 мың домбыраның күмбірі естілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 шілдеде «Қазақ елі» монументі алаңында 3000 мың домбыраның күмбірі естілмек

25.06.2018

Шілденің 1-і күні «Қазақ елі» монументі алаңында 3000 мың домбыраның күмбірін еститін боласыз. Ұлттық домбыра күніне орай ұйымдастырылған шараға еліміздің белді өнер ордаларының  ұстаздары мен шәкірттері қатысады. Араларында еліміздің күй өнерінің хас шеберлері Секен Тұрысбеков, Бекболат Тілеухан, Айгүл Үлкенбаевалар да  болады.

Үш мың домбырашы «Көңілашар», «Адай», «Балбырауын», «Сарыарқа», «Ерке сылқым» секілді қазақтың танымал күйлерін орындайды. «Ал, Ұлттық домбыра күнін атап өту - жастардың осы аспапқа деген сүйіспеншілігін арттырады», - дейді мамандар.

Тұрар Әліпбаев, Қазақ Ұлттық өнер университетінің проректоры:

- Мен бұл сұраққа қуанышпен жауап беруге міндеттімін деп ойлаймын. Алматы мемлекеттік консерваториясы болсын, Қазақ Ұлттық өнер университеті болсын, жылдан-жылға дәстүрлі өнер факультетінде домбыраға, дәстүрлі әнге, жырға деген бетбұрыс өте үлкен. Қазір жастарымыздың көзқарасы өте жоғары деңгейде деп айта аламын.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу