Шілденің бірі күні «Қазақ елі» монументі алаңында 3 мың домбыраның күмбірі естілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шілденің бірі күні «Қазақ елі» монументі алаңында 3 мың домбыраның күмбірі естілмек

26.06.2018

Ұлттық домбыра күніне орай ұйымдастырылған шараға еліміздің белді өнер ордаларының ұстаздары мен шәкірттері қатысады. Араларында күй өнерінің хас шеберлері Секен Тұрысбеков, Бекболат Тілеухан, Айгүл Үлкенбаева болады. Үш мың домбырашы «Көңіл ашар», «Адай», «Балбырауын», «Сарыарқа», «Ерке сылқым» секілді қазақтың танымал күйлерін тартады. «Ұлттық домбыра күнін атап өту - жастардың осы аспапқа деген сүйіспеншілігін арттырары сөзсіз», - дейді өнер адамдары. 

Тұрар Әліпбаев, Қазақ ұлттық өнер университетінің проректоры:

- Мен бұл сұраққа жауап беруге міндеттімін деп ойлаймын. Алматы мемлекеттік консерваториясы болсын, Қазақ ұлттық өнер университеті болсын жылдан-жылға дәстүрлі өнер факультетінде домбыраға деген бетбұрыс, дәстүрлі әнге, дәстүрлі жырға деген бетбұрыс өте үлкен. Қазір жастарымыздың көзқарастары өте жоғары деңгейде деп айта аламын.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу