«Еңбекті қорғаудағы профилактика мәдениетін бірге дамытамыз». Елімізде осындай атпен республикалық акция басталды. Шараның негізгі мақсаты - жұмыс берушілердің өз қызметкерлеріне лайықты қатынас көрсетіп, қауіпсіз еңбек шарттарын қалыптастыру, ұжымдық әлеуметтік жауапкершілікті дамыту, өндірістегі төтенше жағдайлардың алдын алу. Айта кету керек, биылғы жылды Кәсіподақтар федерациясы «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы» деп жариялаған. Бұл бастама жұмысшылардың құқығын қорғап, заңнаманың сақталуына қатысты қоғамдық бақылауды күшейтеді.
Сатыбалды Дәулеталин, Кәсіподақтар федерациясының комитет төрағасы:
- Бүкіл өңірде қауіпсіз бөлімшелер ашамыз. Республикалық үшжақты өңірлік комиссияларда қауіпсіздік мәселелерін алға бастап жатырмыз.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.