Маңғыстаудың кей өңірінде күн 46 градусқа дейін ысыды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстаудың кей өңірінде күн 46 градусқа дейін ысыды

03.07.2018

Маңғыстау облысында бірнеше күннен бері аптап ыстық. Қазір өңірдің кей жерлерінде сынап бағанасы 46 градусқа дейін көтерілген. Ал, топырақ бетіндегі температура 52 градусты көрсетіп тұр. «Бұл - кең ауқымды антициклонның әсері», - дейді синоптиктер. Мамандардың айтуынша, ыстық тек апта соңына қарай басылады. Қазір қала маңындағы жағажайларда ине шаншар орын жоқ. Көпшілік қапырықтан суға түсіп қорғанып жүр. Былтыр да осындай күн райы болған. Әсіресе, алыс-жатқан аудандарда ең жоғарғы температура тіркеліп отыр.

Динара Ілиясова, жетекші инженер-синоптик:

- 1 шілде күні Қарақия ауданында +45, +46 градус, Маңғыстауда +44,+45 градус байқалды. Аталған құбылыстар бойынша өте ыстық болатыны туралы синоптиктермен хабарландыру жіберілген. Бұл ыстық алдағы уақытта да сақталады.

А.АЙТМАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу