Павлодар облысында жүк пойызы мен жолаушылар автобусы соқтығысты. Апат кеше қас қарая бастаған шақта Екібастұз қаласының аумағындағы Үшқұлын-Тоқыбай бағытындағы тас жолмен теміржолдың түйіскен жерінде болған. Ресми мәліметке қарағанда, локомотив жүргізушісі дереу тежегішті басып, апатты болдырмауға әрекет жасайды. Бірақ, кесе-көлденең алдынан шыға келген келген автобусты жанап өтеді. Соның салдарынан жолаушылар көлігіндегі 11 адамның үшеуі жарақат алды. Дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Алма Мұсабекова, ОІІД баспасөз қызметінің бас маманы:
- Автобустың жүргізушісі әр түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Осы дерек бойынша қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Болат АМАНБАЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.