Жамбыл облысында дәрігерлер медициналық анықтаманы мың теңгеге сатып келген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында дәрігерлер медициналық анықтаманы мың теңгеге сатып келген

03.07.2018

Жамбыл облысындағы медициналық орталықтардың дәрігерлері медициналық анықтаманы мың теңгеге сатып келген. Қызметкерлерінің жемқорлыққа бейім екендігі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүргізген арнайы әлеуметтік сауалнама барысында анықталды. Күмәнді іс «Құпия сатып алушы» тәсілімен тексерілді. Мұндай анықтамалар негізінен  жүргізуші куәлігін алушылар үшін беріліп келген.  Көзі нашар көретінін айтқан келушіге көз дәрігері 1000 теңгеге оң қорытындыны растайтын мөр қойып берді. Дәл осындай фактілер облыстық психоневрологиялық диспансерінде де анықталған. Аталған деректер бойынша тиісті материалдар құзырлы органдарға жолданды.

Аңсар Смағұлов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің бас маманы:

- Статистика жемқорлыққа бейім мекеменің бірі «Проф Мед» медициналық орталығы екендігін көрсетті. 56 пайыз. «Құпия сатып алушы» әдісі арқылы осы орталық пен облыстық психоневрологиялық диспансерінің қызметкерлері де белгілі бір мөлшердегі сыйақыға қажетті анықтаманы жасап беретіндігі анықталып отыр.

Г.ҚАЙРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу