Ұлттық арна тілшілері «Тіл маржаны» байқауында үздіктер қатарынан көрінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна тілшілері «Тіл маржаны» байқауында үздіктер қатарынан көрінді

04.07.2018

Журналистерді мерекесімен құттықтау әлі де жалғасын тауып жатыр. Астана қаласы әкімдігі тілшілер арасында «Тіл маржаны» атты байқау ұйымдастырған еді. Оның жеңімпаздарын  салтанатты түрде марапаттады. Шығармашылық дода үздік  телебағдарлама, радиожоба, үздік мақала, сайт материалы, бейнеролик, қысқа метражды фильм секілді алты аталым бойынша өтті. Шарт бойынша журналистерге Астана қаласының 20 жылдығы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен мемлекеттік тілді насихаттау керек болатын. Нәтижесінде 300-ге жуық үміткердің ішінен 50 тілші таңдалып алыныпты. Ішінде «Qazaqstan» Ұлттық арнасы жаңалықтар қызметінің бір топ тілшісі бар. Олар Сәуле Алдамұратқызы, Шынар Асанқызы, Раушан Сайлауқызы мен Ғабит Бөкенбай. 

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу