Тараз қаласында «Қазақстанның үздік тауары» көрмесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тараз қаласында «Қазақстанның үздік тауары» көрмесі өтті

04.07.2018

Жыл сайын ұйымдастырылатын көрмеге биыл облыс аумағынан 80-ге жуық өндіруші өз өнімдерін қойды. Бұрын азық-түлік өнімдері көп қойылатын болса, қазір жағдай өзгерген. Мұндағы сөрелерден киім-кешек пен таза былғары аяқ киімдерін, құрылыс заттарын, түрлі жиһаз өнімдері мен арнайы костюмдерді көптеп көруге болады. Өндірістік мақсаттағы тауарлармен құрылыс заттары да жетерлік. Өткен жылдармен салыстырғанда биыл тауарлардың сапасы, технологиясы мен инновациялық дамуы айтарлықтай жоғары. 

Рысбек Жұмабаев, кәсіпкер:

- Әкелген заттарым түгел табиғи, ешқандай жасандылығы жоқ. Қытайдың, басқа да тауарлардың көбі аяқты ауру қылады. Адамдардың бәрі оны біледі, әрине. Бірақ, бізді онша танымай жатыр.

Ғиззат Сапарбеков, кәсіпкер:

- Бәсекеге төтеп бере алатын өнім шығарып жатырмыз. Бір жұмысты екі рет жасатпайтын құрылыс заттары. Барлығы салынып жатқан үйлердің сапалы, әдемі болуы үшін жасалып жатыр.

 

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу