Агроөнеркәсіп саласындағы халықаралық әріптестікті арттыру мен инвестиция тарту. Бүгін Астанада халықаралық агрофорум өтті. Оның өзге шаралардан ерекшелігі форумды ұйымдастыруды кәсіпкерлердің өзі қолға алған. Осы салада кәсіп істеп жүрген белді бизнес өкілдері алыс-жақын шетелдердегі әріптестерін шақырып, ортақ мәселелерді талқылады. Олар «бір белдеу-бір жол» жібек жолы экономикалық жүйесін қалыптастыру аясында тиімді сауда-саттық жасау жолдарын талқылады. Шараға Еуропа елдері мен іргелес Ресей және Қытай кәсіпкерлері де қатысты. Олар мемлекет берген мүмкіндіктерді пайдаланып, алыс-берісті арттыру жолдарын талқылады.
Бақытбек Нұғман, «Қазақ елі» халықтық палатасы басқармасының төрағасы:
- Біз бірінші форумды өткізуге бойұсынып отырмыз. Оның мақсаты - әр саладағы бизнестердің басын қосып, береке-бірлікке шақыру. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне үлес қосып, елге инвестиция тарту және әр саланы көтеру.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.