Бұған дейін қаланың 8 аудандық сотында тек медиаторлар кабинеті жұмыс істейтін. Енді жаңа кеңседе кәсіби психологтар, заңгерлер, медиаторлар халыққа тегін қызмет көрсетеді. Сотқа түскен арыз-шағымдар ең алдымен осында түседі. Егер, дау-дамай мүлдем шешілмей, ушықса іс сотқа жетеді. Десек те, татуластыру орталығы азаматтардың уақытын үнемдейді. «Сондай-ақ, тараптар психологиялық-моральдық қиындықтарға тап болмайды», - дейді судьялар.
Нұрғазы Әбдіханов, қалалық сот төрағасы:
- Мысалы, осы жылдың мамыр айынан бастап Медеу аудандық сотында татуласу пилоттық жобасы іске асырылды. Соның өзінде 361 іс түсті, соның 150-і бітімгершілікпен пайымдалып жатыр. Сондықтан, мұның болашағы бар деп ойлаймыз.
Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.