Осы мақсатта Ақмола облысында арнайы форум өтті. Жиында нәзік жандылар кәсіпкерлікті меңгерудің негізгі алғышарттары жайлы біліп, бизнесті бастаудың қыр-сырын меңгерді. Сондай-ақ, отбасылық шағын және орта бизнестің өзіндік ерекшеліктері де сөз болды. Өңірде кәсіпкерлікті дамыту үшін 2,5 млн. теңгенің кепiлдiк сомасына 123 жоба қаржыландырылған. Мыңнан астам кәсіпкерге сервистік қолдау көрсетілген. Форум өңірдегі іскер әйелдердің ортақ пікір алмасу алаңына айналды. Жиынның басты мақсаты - елді мекендердегі нәзік жандылардың өз ісін дөңгелетіп әкетуіне қолдау көрсету.
Мәриям Рақымова, кәсіпкер:
- Мен кәсіпкер болуды көптен армандадым. Мемлекеттік қолдау алған соң бірден іске құлшына кірістім. Алдағы уақытта бұл жерді тұтас қызмет көрсету кешеніне айналдыруды жоспарлап отырмыз. Бүгінгідей форум өте қажет деп ойлаймын. Тәжірибе алмастық. Тың ойларды тыңдадық.
Ермек ЕЛБЕРГЕН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.